Бокс

Руслан Мәдиев кезекті жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Руслан Мәдиев кезекті жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсіміне түсіп, қарсыласымен көз арбасты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Бүгін Руслан Мәдиев кәсіпқой бокстағы 11 жекпе-жегін өткізеді. Отандасымыз мексикалық былғары қолғап шебері Ангель Мартинезке қарсы кездесу өткізеді. Қос спортшы ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, көз арбасты. Мәдиев шаршы алаңда 10 жекпе-жек өткізіп, 4 кездесуді уақытынан бұрын аяқтаса, Мартинез 32 жекпе-жек өткізіп, 18 рет жеңіске жеткен. 

Айта кетейік, Руслан Мәдиев Геннадий Головкинмен бірге жаттығады. Отандасымыз соңғы кездесуін Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жектің андеркардында өткізген болатын.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс