Басқалары

Юлия Путинцева Индиан-Уэлсс турнирінің екінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева  АҚШ елінде өтіп жатқан Индиан-Уэлсс турнирінің екінші айналымына шықты, – деп хабарлайды  Qsport.kz порталы.

Юлия Путинцева АҚШ елінде өтіп жатқан Индиан-Уэлсс турнирінің алғашқы айналымында жеңіске жетіп, екінші айналымға жолдама алды. Әлемнің ең үздік теннисшілері 8 648 508 АҚШ долларын сарапқа салып жатқан додада отандасымыз бірінші кездесуінде  бельгиялық спортшы Элисон Ван Эйтванкты үш кезеңде жеңіп, екіші айналымға өтті. Енді Путинцева екінші ойынын Чехия елінің өкілі Петра Квитоваға қарсы ойнайды.

Айта кетейік, Индиан-Уэлсс турнирінде Зарина Дияс та өнер көрсетеді. Зарина алғашқы кездесуін әлемнің ең үздік теннисшісі Серена Уильямсқа қарсы өткізеді. 

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Басқалары