Бокс

Бақтияр Артаев: Альварестің допинг қабылдауы мүмкін емес

Афина олимпиадасының чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаев Сауль Альварестің допинг дауына іліккені туралы өз ойын білдірді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Бақтияр Артаев жақында ғана мексикалық былғары шебері Сауль «Канело» Альварес отандасымыз Головкинге қарсы өткізетін рематчының қарсаңында допинг сынақтан өте алмай қалғаны жайлы ақпаратқа қатысты өз ойын айтты. Ол өз сөзінде: «Бұл жайлы нақты кесіп ештеңе айта алмаймын. Бірақ бұл кәсіпқой бокс. Кәсіпқой бокста осындай керемет жекпе-жекті қыздыра түсу үшін әртүрлі қадамдарға барады, неше түрлі пиар жасайды. Меніңше, бұл үлкен шоудың алдындағы алып қашпа әңгіме болуы мүмкін. Өйткені кәсіпқой боксшылар ағзасына түсетін әрбір тағамның неден, қалай жасалғанын біледі. Егер де Альварестің ағзасынан расымен допинг табылса  5 мамырда өтетін жекпе-жекті бірден кейінге шегеріп, мексикалықты қатаң түрде жазалайтын еді», – деді Бақтияр.

Айта кетейік, Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы өткізетін екінші жекпе-жегінің алдында допинг сынақтан өте алмай, ағзасында тыйым салынған кленбутерол препаратының аз-кем мөлшері табылған.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс