Ережесіз жекпе-жек

Жұман Жұмабектің Fight Nights Global 86 турниріндегі қарсыласы анықталды

Қазақстандық жекпе-жек майталманы Жұман Жұмабек Fight Nights Global 86 турнирінде кімге қарсы жекпе-жек өткізетіні белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Алматы қаласында екінші рет өтетін Fight Nights Global 86 турнирінде сынға түсетін Жұман Жұмабектің қарсыласы анықталды. Отандасымыз ресейлік Никита Балтабаевпен (5-2-0) сегізбұрышта кім мықтыны анықтайтын болады. 61 келі салмақ дәрежесінде сынға түсетін Жұман 6 жекпе-жек өткізіп, 4 мәрте жеңіс тұғырынан көрінген. Отандасымыз соңғы жекпе-жегін Алматыда өткен Fight Nights Global 80 турнирінде өткізіп, қарсыласын айқын басымдылықпен жеңген болатын.

Айта кетейік, Fights Nights Global 86 додасы 1 сәуір күні, Алматы арена спорт кешенінде өтеді. Бұл доданың басты жекпе-жегі Жалғас Жұмағұлов пен Найсон Нэм арасында болады. Сондай-ақ бұл турнирде Ержан Естанов пен Расул Мирзаев бразилиялық джиу-джитсу бойынша жекпе-жек өткізетін болады.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Ережесіз жекпе-жек