Бокс

Бақтияр Артаев: Данияр сәтті келісімшартқа отырды

Көк ту желбіресін!

Афина олимпиадасының чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаев Данияр Елеусіновтың кәсіпқой боксқа ауысуы туралы өз ойын білдірді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Бақтияр Артаев Рио Олимпиадасының чемпионы, Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокста бағын сынайтыны жайлы пікірін арнайы сайтымыздың тілшісіне баяндап берді.

Ол өз сөзінде: «Эдди Хирн әлемдегі ең үздік боксшылармен жұмыс істейтін мықты промоутер. Өз жұмысына өте тиянақты және боксшылардың мансабын қалай өрлету керек екенін жақсы біледі. Данияр үшін бұл өте орынды және сәтті келісімшарт болды. Ол үшін өте қуаныштымын. Қазақ жігіттері кәсіпқой бокста да, әуесқой бокста да еліміздің абыройын асқақтатып жатса керемет емес пе?! Даниярға Қанат Исламның жолын қуып, Қазақстанның атын шығаруды жазсын деп тілеймін», – деді Артаев. 

Айта кетейік, Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов енді кәсіпқой бағын сынайды. Отандасымыз америкалық Boxing Star компаниясымен келісімшартқа отырды.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бокс