Ережесіз жекпе-жек

Қуат Хамитовтың алдағы жекпе-жектегі қарсыласы анықталды

Қазақстандық жекпе-жек майталманы Қуат «Найман» Хамитовтың кезекті жекпе-жекте қарсыласының кім болатыны анықталды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қуат Хамитов әлемнің ең үздік тұжырымдарының бірі саналатын ресейлік Fight Nights Global промоушеніндегі кезекті жекпе-жегінде кімге қарсы жұдырықтасатынын сайтымыздың тілшісіне айтып берді. Ол өз сөзінде: «Келесі жекпе-жектегі қарсыласы әзірбайжандық спортшы Нариман Аббасов (17-3-0) болады. Бірақ бірқатар БАҚ өкілдері мені 1 сәуірде өтетін додада сынға түседі деп жазып жүр. Шыныда менің келесі кездесуім мамыр айына жоспарланған», – деді Қуат.

Айта кетейік, Қуат «Найман» Хамитов (17-5-1)  соңғы жекпе-жегін Fight Nights Global 80 турнирінде UFC жұлдызы Конор МакГрегордың спарринг-серіктесі болған Питер Куиллимен жұдырықтасқан болатын.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Ережесіз жекпе-жек