Бокс

Қанат Ислам Америкада «QAZAQ promotions» промоутерлік компаниясын ашты

Алда үлкен бокс шоулары күтіп тұр

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат «QAZAQ» Ислам өзінің промоутерлік компаниясын ашты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы боксшының инстаграммдағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

Жақында ғана 2017 жылдың ең үздік менеджері Эгис Климаспен келісімшартқа отырған Қанат Ислам «QAZAQ promotions» промоутерлік компаниясын ашты. Бұл туралы спортшының командасы әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жария етті. «Қанат Ислам Америкада «QAZAQ promotions» промоутерлік компаниясын ашты. «QAZAQ promotions» Американың ірі промоутерлік компанияларымен бірлесіп үлкен бокс кештерін ұйымдастыратын болады. Бүгінде «Main event» промоутерлік компаниясымен серіктестік орнаттық. Алда жоспар көп. Биыл чемпиондық жекпе-жек өткізу ең басты мақсатымыз. Сол жолда команда тынбай еңбек етуде», – деген хабарлама қалдырды. 

Айта кетейік, Эгис Климас The Ring журналының нұсқасы бойынша 2017 жылдың ең үздік менеджері атанған болатын. Ол Қанат Исламды тек үлкен жекпе-жектер күтіп тұрғанын айтты. Ал отандасымыз Американың Калифорния штатында жаттығу жұмыстарын бастап кетті.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бокс