Бокс

Ержан Залиловтың кезекті жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ержан Залиловтың кезекті жекпе-жегінің мерзімі белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жеңіл салмақта жұдырықтасатын Ержан «Rocket» Залилов кезекті жекпе-жегін 24 наурыз күні өткізеді. Бұл туралы спортшы өзінің инстаграммдағы ресми парақшасында жариялады. Отандасымыз  румыниялық былғары қолғап шебері Йонут Балютқа (9-2, 2КО) қарсы жекпе-жек өткізеді. Кездесу Испанияның Бильбао қаласында өтеді деп жоспарланған.

Айта кетейік, Ержан Залилов шаршы алаңда 10 кездесу өткізіп, 1 рет тең нәтиже көрсетіп, қалған жекпе-жектерінде жеңіске жеткен болатын. Соңғы кездесуін Алматы Арена спорт кешенінде Айдын Елжановқа қарсы өткізіп, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс