Ережесіз жекпе-жек

Дәурен Ермеков Fight Nights Global 86 турнирінде жұдырықтасады

Қазақстандық ережесіз жекпе-жек майталманы Дәурен Ермеков Алматыда өтетін Fight Nights Global 86 турнирінде кездесу өткізеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Алматы қаласында екінші рет өтетін  Fight Nights Global 86 турнирінде сынға түсетін тағы бір қазақстандық спортшы анықталды. Fight Nights тұжырымында өнер көрсететін Дәурен Ермеков сегізбұрыштағы он үшінші жекпе-жегін грузиялық Георгий Лобжанидзеге қарсы өткізеді. Жартылай ауыр салмақта сынға түсетін отандасымыз 12 жекпе-жектің 8 кездесуінде жеңіске жеткен. Ал қарсыласы 7 жекпе-жек өткізіп, 4 мәрте жеңіс тұғырынан көрінген.

Айта кетейік, Fights Nights Global 86 додасы 1 сәуір күні, Алматы Арена спорт кешенінде өтеді. Бұл доданың басты жекпе-жегі Жалғас Жұмағұлов пен Найсон Нэм арасында болады. Сондай-ақ бұл турнирде Ержан Естанов пен Расул Мирзаев бразилиялық джиу-джитсу бойынша жекпе-жек өткізетін болады.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Ережесіз жекпе-жек