Басқалары

Дәулет Ниязбеков Азияның үш дүркін чемпионы атанды

Дәулет Ниязбеков Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында алтыннан алқа тағып, Азия чемпионатының үш дүркін жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

65 келі салмақ дәрежесінде белдескен Ниязбеков бозкілемде барын, ақтық сынға дейін қарсыластарын айқын басымдылықпен ұтты. Алғашқы айналымда Солтүстік Корей елінің балуаны Кукванг Кимді сан соқтырып, екінші белдесуінде жергілікті қырғыз балуаны Ерназар Ахматалиевтің мысын басты. Жартылай финалды өзбек балуанына еш мүмкіндік қалдырмаған отандасымыз финалда да жапон балуанын айқын басымдылықпен ұтып, үшінші рет Азияның ең үздік балуаны атанып отыр.

Айта кетейік, Дәулет Ниязбеков 2015-2016 жылдары қатарынан Азия чемпионатында топ жарған. Сондай-ақ құрлықтық чемпионаттың 4 дүркін қола жүлдегері болатын. Бұл додада Дәулет жаңа 65 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Басқалары