Негізгі жаңалықтар

Дзюдошыларымыз Мароккода өтетін Гран-приде сынға түседі

Қазақстандық дзюдошылар Мароккода өтетін Гран-при турниріне қатысады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы дзюдо федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

9-11 наурыз күндері Мароккода алғаш рет әлемдік Гран При кезеңдері өтеді. Екі күнге созылатын бұл додаға  43 елден 284 дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Марокко татамиінде ел намысын Қазақстан құрамасынан 13 дзюдошы қорғап, жүлделі орындарға таласатын болады.

Қазақстан құрамасынан қатысатын дзюдошылар тізімін назарларыңызға ұсынамыз:

1. Ғұсман Қырғызбаев (60 кг)
2. Мағжан Шамшадин (60 кг)
3. Ерлан Серікжанов (66 кг)
4. Ерлан Жақсыбеков (66 кг)
5. Бекәділ Шаймерденов (73 кг)
6. Азамат Мұқанов (73 кг)
7. Дидар Хамза (81 кг)
8. Ислам Бозбаев (90 кг)
9. Даулетхан Жақыпов (90 кг)
10. Виктор Демьяненко (100 кг)
11. Жасұлан Мұхаметханов (100 кг)
12. Еламан Ерғалиев (100 кг)
13. Санжар Жабборов (100 кг)

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Негізгі жаңалықтар