Соңғы жаңалықтар

Мадияр Әшкеев пен Мейірім Нұрсұлтанов ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Сәттілік!

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Мадияр Әшкеев пен Мейірім Нұрсұлтанов жекпе-жек алдына ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

3 наурызда кезекті жекпе-жектерін өткізетін талантты былғары қолғап шеберлері Мейірім Нұрсұлтанов пен Мадияр Әшкеев ресми салмақ өлшеу рәсіміне түсіп, қарсыластарымен көз арбасты. Қос былғары қолғап шебері де әлі шаршы алаңда жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген. Мейірім Нұрсұлтанов 5 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетсе, 4 кезесуін нокаутпен аяқтаған. Ал, Мадияр 8 кездесуінің төртеуін уақытынан бұрын аяқтаған.

Айта кетейік, отандастарымыз Сергей Ковалев пен Игорь Михалкин арасындағы жекпе-жектің андеркардында жұдырықтасатын болады. Сондай-ақ Қанат Ислам Америкадағы қазақтарды Мадияр мен Мейірімге қолдау көрсетуге Madison Square Garden аренасына шақырған болатын.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар