Соңғы жаңалықтар

Станимир Стойлов Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері атанды

«Астана» командасының бұрынғы бас бапкері Станимир Стойлов Қазақстан Ұлттық құрамасының тізгінін ұстады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне Станимир Стоилов тағайындалды. Болгариялық маман екі жылдық келісімшартқа отырып, жаңа қызметіне жақында кірісетін болды.  Станимир Стойлов Қазақстанда 2014 жылдан бастап жұмыс істейді. Оның жетекшілігімен елордалық «Астана» төрт мәрте ел чемпионы атанды. Сонымен қатар, Қазақстан Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды. «Астана» болгариялық бапкермен халықаралық аренада мол табысқа жетті. 2015 жылы отандық футбол тарихында алғаш рет Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне шықты. Өткен маусымда тұңғыш рет Еуропа Лигасының 1/16 айналымына жолдама алды.

Айта кетейік, Станимир Стоилов кезінде Болгария құрамасында, сонымен қатар, «Фенербахче», «Левски», ЦСКА және «Славия» клубтарында ойнаған. Бұған дейін Қазақстан құрамасын Александр Бородюк болған еді.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Соңғы жаңалықтар