Басқалары

Асхат Ділмұхамедов Қазақстан қоржынына екінші алтын жүлдені салды

Қырғыз балуанын жеңді

Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарған Асхат Ділмұхамедов Қазақстан қоржынына екінші алтын жүлдені салды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

82 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз бөзкілемде барын салып, алғашқы белдесулерінде жапон балуаны мен корейлік спортшының жауырынын жер иіскетті. Финалға дейін сүрінбей жеткен Асхат ақтық айқаста жергілікті қырғыз балуаны Атабек Азисбековпен жолықты. Алғашқы кезеңде жеңіліп жатқан отандасымыз соңына дейін күресіп, 5-2 есебімен қырғыз балуанын сан соқтырып кетті. Сөйтіп, Асхат Ділмұхамедов алғаш рет Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, бұл додада сынға түскен грек-рим балуандарынан Алмат Кебіспаев 67 келіде алтыннан алқа тақса, Демеу Жадыраев күміспен күптелді. Сондай-ақ жарыстың алғашқы күнінде Қорлан Жақанша, Мейрамбек Айнағұлов және Мақсат Ережепов қола жүлдеге ие болды.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Басқалары