Ережесіз жекпе-жек

Ержан Естанов пен Расул Мирзаев үшінші рет кездеседі

Қазақстандық ережесіз жекпе-жек майталманы Ержан Естанов пен ресейлік Расул Мирзаев сегізбұрышта үшінші рет  кездеседі, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қос спортшы Алматы қаласында өтетін Fights Nights Global 86-турнирінде жолығады. Алайда Естанов пен Мирзаев бұл жолы бразилиялық джиу-джитсу ережесі бойынша жұдырықтасатын болады. Бұдан өзге бес спортшымыз бразилиялық джиу-джитсу бойынша әлемдегі ең үздік саңлақтармен сайысқа түсетін болады. Жекпе-жек 1 сәуір күні, Алматы арена кешенінде өтетін болады.

Айта кетейік, Ержан Естанов соңғы жекпе-жегін Fights Nights Global 65 турнирінде өткізіп, жеңіске жеткен болатын. Ал Мирзаев соңғы кездесуінде грузиялық спортшы Леван Макашвилиге қарсы өткізіп, жеңіліске ұшыраған.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Ережесіз жекпе-жек