Соңғы жаңалықтар

Алмат Кебіспаев Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты

Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Алмат Кебіспаев чемпион атанды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

67 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз ақтық сынға дейін қарсыластарын айқын басымдылықпен ұтып, финалда жапон балуанынан айласын асырып кетті. Әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері атанған Кебіспаев енді Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы болды.

Айта кетейік, Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы күнінде үш балуанымыз қола жүлдегер атанған болатын. Алмат Қазақстан құрамасына алғашқы алтын жүлдені салып отыр. Әлі екі балуанымыз Демеу Жадыраев пен Асхат Ділмұхамедов алтынға таласады.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар