Басқалары

Өзбекстан атынан күресетін Елмұрат Тасмұрадов Азия чемпионы атанды

Өзбекстан атынан сынға түсетін қазақ балуаны Елмұрат Тасмұрадов Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Өзбекстан атынан сынға түсетін қандасымыз Елмұрат Тасмұрадов Бішкекте өткен Азия чемпионатында топ жарып, төртінші мәрте Азияның үздік балуаны атанып отыр. 63 келіде сынға түскен Рио Олимпиадасының қола жүлдегері жартылай финалда отандасымыз Мейрамбек Айнағұловтан айласын асырып кетті. Тасмұрадов финалда жергілікті қырғыз балуанын айқын басымдылықпен жеңіп, төртінші рет Азиядағы үздік балуан екенін дәлелдеді.

Айта кетейік, Қазақстан атынан сынға түскен Мейрамбек Айнағұлов дәл осы салмақта қола жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ 55 келі салмақ дәрежесінде Қорлан Жақанша да қоржынымызға қола жүлдені салды.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Басқалары