Бокс

Қанат Исламның жекпе-жектерін НВО арнасы көрсетуі мүмкін

Кәсіпқой боксшы Қанат Исламның алдағы жекпе-жектерін НВО арнасы көрсетуі мүмкін, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.
    Жақында ғана 2017 жылдың ең үздік менеджерімен келісімшартқа отырған QAZAQ-тың жекпе-жектерін НВО арнасы көрсетуі мүмкін. Қанат «QAZAQ» Ислам менеджері Эгис Климаспен НВО арнасының директоры Питер Нельсонмен жолыққан. Бұл туралы отандасымыздың командасы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялады. Онда: «Team QAZAQ-та жоспар көп. Алда үлкен жоспарлар бар», — деп жазылған.
     Айта кетейік, Эгис Климас The Ring журналының нұсқасы бойынша 2017 жылдың ең үздік менеджері атанған болатын. Ол Қанат Исламды тек үлкен жекпе-жектер күтіп тұрғанын айтты. Ал отандасымыз Американың Калифорния штатында жаттығу жұмыстарын бастап кетті.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс