Бокс

Нұрзат Сабыровтың кезекті жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

Қазақстандық жас кәсіпқой боксшы Нұрзат Сабыровтың келесі жекпе-жегінің уақыты анықталды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

24 жастағы кәсіпқой боксшы Нұрзат Сабыров кезекті бесінші жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды. Отандасымыз 31 наурыз күні Канаданың Монреаль қаласында шаршы алаңға шығады. Кәсіпқой бокста 4 жекпе-жек өткізіп, барлығында нокаутпен жеңген отандасымыздың қарсыласы әлі белгісіз.

Айта кетейік, отандасымыз соңғы жекпе-жегін мексикалық Франсиско Гарсияға (6-4-0, 5 КО) қарсы  екінші орта салмақта өткізіп, төртінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс