Ережесіз жекпе-жек

Асылжан Бақытжанұлы АСВ 86 турнирінде сынға түседі

Қазақстандық жекпе-жек өкілі Асылжан «САҚ» Бақытжанұлының кезекті кездесуі қашан өтетінін белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

АСВ тұжырымымен үш жекпе-жекке келісімшартқа отырған отандасымыздың екінші жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды. Ауыр салмақта жұдырықтасатын Асылжан кезекті жекпе-жегін АСВ 86 турнирі аясында, Мәскеу қаласындағы «Олимпиийский» спорт кешенінде өткізетін болды. Жеңілістің кермек  Отандасымыздың қарсыласы әзірге белгісіз. Дегенмен, тұжырым басшылары Асылжанға үздік үштіктегі спортшыларды ұсынатынын айтқан.

Айта кетейік, Асылжан Бақытжанұлы АСВ тұжырымдағы соңғы кездесуінде үздік бестікте тұрған Муслим Махмудовты техникалық нокаутпен жеңіп, чемпиондық атаққа бірден-бір үміткер екенін дәлелдеген болатын.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Ережесіз жекпе-жек