Басқалары

Нұрбақыт Теңізбаев жас балуандармен бірге жаттығу жасады

Пекин олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев жас балуандармен арнайы жолығып, бірге жаттығу жасады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Грек-рим күрсенің шебері, талай байрақты бәсекеде ел абыройын асқақтатқан Нұрбақыт Теңізбаев Алматы облысы, Райымбек ауданы Нарынқол ауылындағы жас балуандармен жүздесіп, бірге жаттығу жасады. Бұл туралы спортшы өзінің әлеуметтік желіедегі фейсбук парақшасында жариялады. Ол өз сөзінде: «Нарынқолдың болашақ нар балуандарымен күрес залында жаттығу жасадық, күреске деген құлшыныстары ерекше балақайларды көріп қуандым», – деді Теңізбаев.

Айта кетейік, Нұрбақыт Теңізбаев жас балуандармен жиі жүздесіп, шеберлік сыныптарын өткізіп, тәжірибесімен бөлісіп тұрады.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Басқалары