Соңғы жаңалықтар

Терри Анри: Неймар Мессидің көлеңкесінде қалғысы келмесе басқа спортқа ауысуы керек

Франция құрамасының бұрынғы ойыншысы Терри Анри Неймарға Мессидің көлеңкесінде қалғысы келмесе спорттың өзге түріне ауысуы тиіс екенін жеткізді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы Championat.com сайтына сілтеме жасап.

Франция құрамасының бұрынғы ойыншысы Анри Неймардың аргентиналық футболшыдан асып түсуі жайлы сөз қозғады. Ол өз сөзінде: «Неймардың өзге клубқа Мессидің көлеңкесінде қалып қалмауы үшін ауысқан, ауыспағанын білмедім. Алайда барлық футболшылар аргентиналық спортшының көлеңкесінде қалып қояды. Егер Неймар бұлай болғанын қаламаса, басқа спортқа ауысуы керек», – дейді Терри.

Айта кетейік, Неймар 2017 жылы католдық клубтан «ПСЖ» командасына ауысқан болатын. Команда сапында 19 ойын өткізген бразилиялық футболшы 19 мәрте көзге түсіп үлгерген.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Соңғы жаңалықтар