Соңғы жаңалықтар

Эден Азар «Барселона» командасын жеңе алатынына сенімді екенін айтты

«Челси» командасының жартылай қорғаушысы Эден Азар Чемпиондар лигасын аясында «Барселона» футбол клубына қарсы ойында жеңіске жететіне сенімді екенін жеткізді,– деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Лондондық клуб бүгін Чемпиондар лигасының 1/8 финалында каталондық «Барселона» командасына қарсы алғашқы ойынын өткізеді. Осы орайда, «Челси» командасының жартылай қорғаушысы Эден Азар өз ойымен бөлісті. Ол өз сөзінде: «Каталондық клуб бұл маусымда өте тамаша өнер көрсетіп, көшбасшылар қатарында жүр. Дегенмен біз жасыл алаңда аянып қалмаймыз. Жеңіске жету үшін қорғаныста да, шабуылда да қателіксіз ойнауымыз керек. Біз Англияның чемпиондарымыз. «Барселонаға» қарсы ойында жеңіске жететінімзге сеніміміз», – дейді Азар.

Айта кетейік, бүгін Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Бавария» мен «Бешикташ» және «Барселона» мен «Челси» арасындағы алғашқы ойындар өтеді.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Соңғы жаңалықтар