Ережесіз жекпе-жек

AFC промоушені өткізетін турнирдің мақсаты – елімізде PPV-ті дамыту

26 қараша күні Алматы қаласындағы Алматы арена спорт кешенінде АFC промоутерлік компаниясы мен Fight Nights Global тұжырымы бірлесе отырып, сегізбұрыш бәсекесінің жалауын желбіретеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

  Жаңадан ашылған АFC промоутерлік компаниясының президенті Әділбек Тұрғынбаев  бұл турнирді өткізумен қатар, Қазақстанда ақылы онлайн-көрсетілімді дамытпақ екенін атап өтті. Осыған дейін, АFC промоутерлік компаниясы тәжірибе жүзінде 2017 жылдың 1 сәуірінде өткен «Алаш Айбары» халықаралық турнирін mma.vision.com сайты арқылы тегін онлайн көрсеткен еді. Қорытындысында жарысты 17 мыңнан астам адам тікелей эфирде тамашалаған. Осы орайда, Әділбек Тұрғынбаев Қазақстанға PPV-ті (ақылы онлайн-көрсетілім) алып келу керектігін алға тартып отыр. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін АFC промоутерлік компаниясы ресейдің белді тұжырымы  Fight Nights-пен бірігіп, халықаралық турнир өткізуді қолға алған. Шығынды екі промоушен бөліп алмақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шығынның жарты соммасы 46 миллионнан асқан. Алдағы уақытта қалың көрермен осы және өзге сегізбұрыш бәсекелерін АFC cайты mma.vision.com арқылы тікелей эфирде көре алады

Айта кетейік, 12 мыңдық Алматы  арена спорт кешенінде әлемнің түкпір-түкпірінен жиналатын білекті де жүректі жігіттері өзара кім мықтыны анықтайды. Дүбірлі кештің басты жекпе-жегінде Қуат «Найман» Хамитов пен UFC жұлдызы Конор МакГрегордың спарринг-серіктесі болған Питер Куиллимен шеберлік байқасады. Сондай-ақ турнир барысында QAZAQ 70 Гран-приі өтеді. Гран-приге 70 келі салмақта Мұрат Бақторазов, Мырза Еркінбек, Олжас Есқараев, Алтынбек Бақтыгельдинов, Артем Резников бастаған 14 спортшы сынға түседі. Осы салмақта топ жарған спортшыға 10 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы беріледі. Дүбірлі додада қалың жанкүйерлері Fight Nights нұсқасының чемпионы Георгий Кичигин мен Магомед Нуров және Жалғас Жұмағұлов пен Шадж Хэк арасындағы жекпе-жекті көре алады.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Ережесіз жекпе-жек