Бокс

Қанат Ислам WBA тұжырымының рейтингінде көш бастады

QAZAQ 25-0(20KOs)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам WBA тұжырымының жаңартылған рейтингінде 1-орынға шықты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Шаршы алаңда 25 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен Қанат Ислам WBА тұжырымының рейтингінің көшін бастады. Отандасымыз америкалық Джон Вера мен француздық спортшының алдын орап, көш тізгінін қолына алған.  Бұл тұжырымның чемпионы кубалық Эрисланди Лара екенін айта кеткен жөн. 

Еске сала кетейік, Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін Астана қаласында Брэндон Кукке қарсы өткізіп, 9-раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Сөйтіп, отандасымыз бірінші орта салмақтағы WBO, NABO және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерін қорғап қалды.

Пікір жазу

Пікір жазу

Сіздің e-mail жарияланбайды. * толтыру міндетті орындар.

Бокс